​Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры жұмыстан қуылуы мүмкін (видео)

0
1 894

Видеода мектеп директоры мұғалімдер және оқушылармен бірге ырғақты музыкаға керемет би билеп жатыр.


​Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры жұмыстан қуылуы мүмкін (видео)

ERNUR.KZ. Мектеп директоры дене шынықтыру сабағы кезінде билей жөнелді, енді жұмыстан шығып қалуы мүмкін, деп жазады sputniknews.kz.


Қытайдың солтүстігінде жергілікті мектептердің бірінің директоры Чжан Пэнфэй мемлекет бекіткен күнделікті гимнастикалық жаттығу бағдарламасын бұзды. 40 жастағы директор оқушылар мен ұстаздар арасында би билеуді насихаттаған.

Ер адамның айтуынша, мектепте күнде өтетін қарапайым гимнастика балаларды зеріктіріп жібереді. Күнделікті жеңіл жаттығуларды қайталай берген қызықсыз. Сондықтан мектепте желтоқсан айынан бастап гимнастика орнына жаңа бағдарлама енгізіліпті.

Сөйтіп, 40 жастағы мектеп директоры мен ұстаздар би үйреніп, балалармен бірге билей бастайды.

Видеода мектеп директоры мұғалімдер және оқушылармен бірге ырғақты музыкаға керемет би билеп жатыр.

Ал желі қолданушылары мектеп директорын бұл әрекеті үшін жұмыстан шығара ма деп қорқады.

Қытайда гимнастика жаттығуы 1951 жылдан бастап бүкіл мектепте енгізілген. Полицейлер оқтын-оқтын білім ордаларын аралап, тәртіптің сақталуын қадағалайды.