Билік елде әскери жағдай енгізуге тырысқан кезде әскерилер сынға ілікті.
Фото: © Игорь Иванов/ТАСС
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда Президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдайды енгізу әрекетіне қатысқан үш әскери қолбасшы өз міндеттерінен шеттетілді, деп жазады inbusiness.kz.
Генерал-лейтенант Ли Джин У, Сеул қорғаныс қолбасшылығының басшысы және генерал-лейтенант Квак Чон Гын, армияның арнайы операциялар қолбасшылығының басшысы және қарсы барлау қолбасшысы генерал-лейтенант Ё Ин Хён басқа бөлімшелерге ауыстырылды.
Бұл шешімнің қабылдауына әскери жағдайды енгізу кезінде әскерилердің сынға ілінуі себеп болды. Олар Парламент ғимаратын бұғаттауға қатысқан.
Айта кету керек, осыған дейін Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау процесі басталғанын жазғанбыз.