Алайда Академия жеңімпаздарды таңдау кезінде адамдардың белгілі бір жұмысқа қосқан үлесін әлі де ескеретініне уәде берді.
Фото: ЎзА
ERNUR.KZ. Америка кинематографиялық академиясы «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильмдерде жасанды интеллект технологияларын пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа ережелерді жариялады, деп жазады inform.kz.
ВВС хабарлауынша, құжатта ЖИ және басқа да цифрлық құралдарды пайдалану «номинация алу мүмкіндігіне көмектеспейді де, зиян да келтірмейді» делінген. Сондықтан мұндай технологияларды пайдалана отырып түсірілген фильмдер негізінен «Оскар» сыйлығына үміттене алады.
Алайда Академия жеңімпаздарды таңдау кезінде адамдардың белгілі бір жұмысқа қосқан үлесін әлі де ескеретініне уәде берді.
Бұған дейін Гейтс ЖИ арқасында еңбек нарығында төңкеріс болатынын мәлімдеген.
Сондай-ақ БАӘ заңдарды жасау үшін ЖИ қолданатын бірінші ел болатынын жазған болатынбыз.