Өзбек жігіті қалыңдығының жасауын көріп оған үйленуден бас тартты (ВИДЕО)

0
2 151

​Өзбекстандық жігіт үйленер алдында қалыңдығының жұпыны жасауын көріп, оған үйленуден бас тартты. Бұл оқиғаны жергілікті телеарналардың бірі көрсеткен деп жазады sn.kz ​ Nuz.uz-ге сілтеме жасап.


Өзбек жігіті қалыңдығының жасауын көріп оған үйленуден бас тартты (ВИДЕО)

Өзбекстандық жігіт үйленер алдында қалыңдығының жұпыны жасауын көріп, оған үйленуден бас тартты. Бұл оқиғаны жергілікті телеарналардың бірі көрсеткен деп жазады sn.kz Nuz.uz-ге сілтеме жасап.

Оқиға Навои облысында болған. Телеарнаға сұхбат берген жігіт қыздың ата-анасына ренжігенін айтты. Өйткені, қалталы отбасы қыздарының артынан апаратын жасауды өте жұпыны етіп жасапты.
"Олар жасауға қымбат түрік өнімдерін әкеледі деп күткен болатынмын. Алайда, қыздың артынан келген жасауының бәрі Гиждуван базарынан сатып алынған. Оның ата-анасы қалталы кісілер, мен шынын айтсам, қымбат заттар күткен едім", - дейді үйленуден бас тартқан жігіт.

Аталған бағдарлама эфирге шығысымен өзбек қоғамында қызу пікірталас басталды. Ал, Ташкент мешітінің бас имамы Анвар қари Тұрсынов жігіттің қыздан жасау сұрауына болмайтынын айтып түсіндірді.

"Ешкім қыздың ата-анасынан қымбат жиһаз, техника, алтын сұрай алмайды. Мұның бәрін жігіттің өзі сатып алуы керек. Үйлену тойын да, шілдехананы, бесік тойды да жігіттің жағы көтереді", - деді дін өкілі.