Өзбекстан Аи-80 бензинінен толық бас тартуды 2028 жылға дейін шегерді

0
241

Бұған дейін елдің 2025 жылдан бастап жанармайдың бұл маркасынан бас тартатыны хабарланған болатын.


Өзбекстан Аи-80 бензинінен толық бас тартуды 2028 жылға дейін шегерді

ERNUR.KZ. Өзбекстанда 2028 жылдан бастап кезең-кезеңімен Аи-80 маркалы бензинді пайдалануға тыйым салынады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін елдің 2025 жылдан бастап жанармайдың бұл маркасынан бас тартатыны хабарланған болатын, деп жазады inform.kz.

Өзбекстанда Аи-80 бензинін пайдалануға тыйым салу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл Шавкат Мирзиеевтің 24 қыркүйектегі шаңды дауылмен күресу және ауаның сапасын жақсарту бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы шешімінде нақтыланды.

— Қаулыда бекітілгендей, Ташкент қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсартуға бағытталған шұғыл шаралар бағдарламасына сәйкес, 2028 жылдан бастап экологиялық категориясы «Еуро-4» стандартынан төмен автокөлік жанармайын пайдалану және сату кезең-кезеңімен шектеледі, — делінген хабарда.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалған.

Осыған орай 10 қаңтар күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткен болатын.

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар — көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт».