Өзбекстан мен Қырғызстан президенттерінің кездесуі нәтижесінде өзбек-қырғыз әріптестігінің барлық бағытын қамтитын 22 құжатқа қол қойылды.
ERNUR.KZ. Өзбекстан мен Қырғызстан 50 млн доллар жарғылық капиталы бар инвестициялық қор тұрады. Сәйкес келісім Садыр Жапаровтың Ташкентке сапары кезінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзбекстан мен Қызғызстан 50 млн доллар жарғылық капиталы бар инвестициялық қор құрады. Әрі қарай бұл соманы 200 млн-ға жеткізу көзделіп отыр», - деп мәлім етті вице-премьер, инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақов.
Өзбекстан вице-премьері құрылатын қордың өзбек-қырғыз әріптестігінің дамуын тездететіндігін айтып өтті.
«Инвестициялық қор бірқатар ортақ жобаны жүзе асыруға көмектеседі. Әсіресе, өнеркәсіптік кооперация саласында. Бізге бұл жағдайды пайдаланып қалу керек», - деп айтты Өмірзақов.
Өзбекстан мен Қырғызстан президенттерінің кездесуі нәтижесінде өзбек-қырғыз әріптестігінің барлық бағытын қамтитын 22 құжатқа қол қойылды.
Олардың қатарында өзбек-қырғыз Инвестициялық қорының құрылуы туралы келісім, 50-ге жуық ортақ жобаның іске асырылуын көздейтін Өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мен тереңдету жөніндегі практикалық шаралардың жоспары, өзара электр қуатын тасымалдау және Қырғызстандағы гидроэнергетика нысандарының құрылысы аясындағы әріптестік туралы құжаттар бар.
Сонымен қатар сыртқы саяси ведомстволардың өзара әрекеттесу бағдарламасы, кедендік іс саласындағы, әскери және әскери-техникалық әріптестік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, өсімдіктер карантині, білім, ғылым және мәдениет саласындағы бірқатар құжатқа қол қойылды.
Еске сала кетейік, кеше Қырғызстан басшысы Шавкат Мирзиеевтың шақыртуымен мемлекеттік сапармен Ташкентке келді.