Бала алдымен жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 135 магнит моншақты жұтып қойған 2 жасар сәби аман қалды. Үлкендердің қарауынсыз қалған Ферғана облысының кішкентай тұрғыны осындай оқыс жағдайға ұшыраған, деп жазады zakon.kz.
Уақыт өте келе магнит моншақтар оның асқазанында жиналып, өміріне қауіп төндіреді.
Бала алдымен жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ондағы дәрігерлер консервативті әдіспен тек 14 моншақты алып тастаған. Ал көпшілігі іште қалған еді.
Ата-анасы оны шұғыл түрде Ташкенттегі республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығына жеткізген. Дәрігерлер уақыт өткізбей отаға кіріседі.
Төрт жарым сағатқа созылған күрделі операция барысында сәбидің асқазанынан 135 магнитті моншақ шығарылды.
"Бала іш ауруы белгілерімен ауыр халде жеткізілді. Тексеру барысында асқазан ішек жолдарында бөгде заттардың бар екені анықталды. Ота сәтті өтті, қазір сәбидің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында."Хабиболла Окилов, Республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығының бөлім басшысы, профессор