Сонымен қатар, түзетулер ұлттық дәстүрге сәйкес әкесі немесе анасы жағынан атасының есімін пайдалануға мүмкіндік береді.
Фото: UzNews.uz
ERNUR.KZ. Өзбекстандағы Отбасы кодексіне түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, бұдан былай бала әкесінің есімін фамилия ретінде қолдана алады, деп жазады inform.kz.
Өзбекстан Сенаты бұл азаматтар үшін қосымша ыңғайлылық тудыратынын және олардың қалауын ұлттық және діни дәстүрге сәйкес ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.


