Көкдала ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде газ баллоны жарылған.
ERNUR.KZ. Наурыз мерекесін тойлау кезінде Қашқадария облысының Көкдала ауданында газ баллоны жарылған. 37 адам ауруханаға жеткізіліп, оның жетеуі стационар бөліміне жатқызылған, деп жазады inform.kz.
Көкдала ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде газ баллоны жарылғаны хабарланған.
Оқиға 18 наурыз күні болған. Жарылыстан келіп шыққан өрт салдарынан 37 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
Оның жетеуі стационарлық жағдайда ауруханаға жатқызылды, 17-сі амбулаторлық тексеруден өткен, олардың жағдайы қанағаттанарлық, алғашқы медициналық көмек көрсетілген, 13-і медициналық тексерістен өткен соң ауыр дене жарақаты болмағандықтан үйіне жіберілді.
Көкдала аудандық прокуратурасы ӨР Қылмыстық кодекстің 207-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатыр.