Былтыр қазанда Өзбекстан Заң шығару палатасының депутаты Дилноза Азизова балаларға қатысты жасалған жыныстық зорлық-зомбылық үшін кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынған еді.
Фото: Depositphotos
ERNUR.KZ. Өзбекстанда педофилдер енді өмір бойына сотталуы мүмкін. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды, деп жазады inform.kz.
Кеңес барысында Шавкат Мирзиёевке әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату шаралары ұсынылды. Атап айтқанда, көршілес ел басшысы педофилия қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу бастамасына қолдау білдірді.
Тоқтала кетейік, былтыр қазанда Өзбекстан Заң шығару палатасының депутаты Дилноза Азизова балаларға қатысты жасалған жыныстық зорлық-зомбылық үшін кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынған еді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда енді шетелдегі қарулы қақтығыстарды жарнамалағандар жауапқа тартылады.


