Өзбекстанда тарихи жәдігердің орнына салынған орталық құрдымға кетті

0
556

Бүгінде бұл аумақ иесіз жануарлардың мекендейтін жеріне айналған.


Өзбекстанда тарихи жәдігердің орнына салынған орталық құрдымға кетті

ERNUR.KZ. Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида Мирзияеваның бастамасымен Ташкент облысы Бука ауданында IV ғасырдан қалған жәдігердің орнына тұрғызылған жастар орталығы екі жыл өткен соң құрдымға кетті, деп жазады centralasian.org.

Жастар кешенін салуға бюджеттен 2 млрд сум (189 мың доллар) жұмсалған. Бұл ғимараттың етегінде IV ғасырдан қалған археологиялық ескерткіштер бар. Дәлірек, бұл жерде "Самсарак" деген ежелгі қала болған.

Бірақ 2019 жылы ежелгі қаланың орны бұзылған. Тарихи жәдігердің бұзылуына байланысты кезінде қылмыстық іс те қозғалған. Тергеу мәліметінше, ежелгі қаланы бұзу арқылы мемлекетке 239 млрд сум (22,6 млн доллар) шығын келген. Сот бұл шығынды төлеуді Бука ауданының әкімшілігіне міндеттеген. Бірақ әкімшіліктің мұндай қаржыны төлеуге шамасы жоқ. Ал жәдігердің орнына салынған жаңа ғимарат мәдени мұра департаментінің қарауына берілген.

Бүгінде бұл аумақ иесіз жануарлардың мекендейтін жеріне айналған.

Сәулетші Әбдімәлік Турдиев 1600 жыл бұрын салынған қала әлем археологтарының жіті зерттейтін орны болған еді дейді.

Самсарак қаласы Бабырнамада (Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр естеліктері) айтылған.

Бұл жер Совет одағы тұсында да үкімет қорғауында болған.