Ташкент облысы ІІББ ЖҚҚБ мәліметінше, бұл оқиға Ташкент облысында болған.
ERNUR.KZ. Ташкент облысында тойда топ-топ болып көлік жүргізген Captiva жүргізушілеріне шара қолданылды, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше Captiva жүргізушісі тойда топ-топ болып көлік жүргізіп, қалыңдық пен күйеу жігіттің тікұшақпен ұшып бара жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.
Ташкент облысы ІІББ ЖҚҚБ мәліметінше, бұл оқиға Ташкент облысында болған.
Мән-жайды Ташкент облысы ІІББ жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері зерттеді. Той кезінде жол ережесін бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, топ-топ болып қозғалған барлық көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Бейнежазбадағы тікұшаққа назар аударсаңыз, оның «Uzbekistan Airways» әуе компаниясына тиесілі UK-12504 тікұшағы екенін байқауға болады. Алайда хабарда тікұшақ туралы ешқандай ақпарат берілмеді.