Өзбекстанда жаңа ақшалар енгiзiледi, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ERNUR.KZ.Өзбекстанда жаңа ақшалар енгiзiледi, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Podrobno.uz. сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасы Орталық банкі 2 шiлдеден бастап жаңа ақшаларды қолданысқа шығарады. 50, 100, 200 және 500 сумның монета түрлері шығарылады.
«50 сумдық» никел металмен қапталған ақ түсті монета болып шығарылды. Монетада Өзбекстанның ұлттық бас киімдері болып табылатын тақияның суреті бейнеленген. Сонымен қатар орталығында елдің мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Елтаңбаның айналасында «OZBEKISTON MARKAZIY BANKI» деген сөздер жазылған.
Монетаның диаметрi 18, 0 мм, қалыңдығы – 1, 0 мм, салмағы – 2, 0 грамды құрайды.
Сонымен қатар 100, 200 және 500 монеталарда да тап осындай белгілер бейнеленген. Бір-бірінен ерекшелігі сандары мен бір бетінде бейнеленген суретте.
Мәселен, «100 сумдық» монетада Тәуелсiздiктiң монументi бейнеленсе, ал 200 сумда арыстанның бейнесін көруге болады.
Ал 500 сумда Ташкент қаласының халықаралық форумдары өтетін сарайдың суреті бейнеленген.