Жер серігінің атауы 2028 жылы Самарқандта өтетін 79-халықаралық астронавтика конгресіне байланысты қойылған.
Фото: Uzcosmos
ERNUR.KZ. Қытайдың Star Vision компаниясы Өзбекстанның алғашқы Samarkand-2028 жер серігін орбитаға ұшырды, деп жазады inbusiness.kz.
Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігінің мәліметінше, ұшыру Қытайдың Шаньдун провинциясы жағалауындағы теңіздегі ұшыру платформасынан жүзеге асырылды.
Ведомствоның мәліметінше, жер серігінің борттық жүйесі үшін "Uzbekcosmos" мамандары арнайы жасанды интеллект модулін әзірлеген. Бұл технология гиперспектрлік деректерді тікелей орбитада өңдеуге мүмкіндік беріп, ақпаратты беру мен талдаудың тиімділігін арттырады.
"Uzbekcosmos" агенттігінің түсіндіруінше, Samarkand-2028 экологиялық ахуалды зерттеу, су және жер ресурстарын бақылау, ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйін бағалау, сондай-ақ төтенше жағдайларды болжау кезінде егжей-тегжейлі мәліметтер алуға мүмкіндік береді.


