Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шабуыл жасаған адам мешіт кіреберісінде тоқтатылған, содан кейін ол жарылғыш құрылғыны іске қосқан
ERNUR.KZ. Полиция мен билік өкілдерінің мәліметінше, Пәкістан астанасындағы мешітте жұма намазы кезінде өзін-өзі жарған лаңкес кемінде 31 адамды мерт қылып, шамамен 170 адамды жаралаған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Оқиға орнынан тараған кадрларда мешіт ішіндегі еденде қанға боялған адамдардың мәйіттері, әйнек сынықтары мен қираған бөлшектер көрінеді. Жараланған ондаған адам Хадиджа Тул Кубра мешітінің ауласында да болған. Мешіт Исламабад қаласының шеткері ауданында орналасқан, деп жазады Reuters.
Қатаң күзетілетін астанада мұндай жарылыстар сирек тіркеледі. Дегенмен соңғы жылдары Пәкістанда экстремистік топтардың қарулы белсенділігі артқаны байқалады.
“ Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны артты. Қаза болғандар саны — 31 адам. Ауруханаларға жеткізілген жаралылардың саны 169-ға жетті “, — деді Исламабад қаласы комиссарының орынбасары Ирфан Мемoн.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шабуыл жасаған адам мешіт кіреберісінде тоқтатылған, содан кейін ол жарылғыш құрылғыны іске қосқан.


