​Пәкістанда жанкешті мектеп автобусын жарып жіберді

0
97

Жарылыс салдарынан кем дегенде төрт бала қаза тауып, тағы 38-і жарақат алды.


​Пәкістанда жанкешті мектеп автобусын жарып жіберді

фото: Depositphotos.com

ERNUR.KZ. 21 мамыр, сәрсенбі күні таңертең Пәкістанның оңтүстік-батысында жанкешті мектеп автобусына шабуыл жасады, деп жазады inform.kz.

Жарылыс салдарынан кем дегенде төрт бала қаза тауып, тағы 38-і жарақат алды. Бірнеше баланың жағдайы ауыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуыл Хуздар ауданында болған. Автобус мектеп оқушыларын әскери академияға алып бара жатқан. Лаңкес ішінде балалары бар көліктің жанында өзін жарып жіберген.
Әзірге лаңкестік топтардың ешқайсысы оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсин Накви шабуылды қатаң айыптады. Ол қылмыскерді «хайуан» деп атап, балаларға шабуыл жасау – ақтауға болмайтын нағыз қатігездік екенін баса айтты.