Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

0
176

Әуе апатының себептері анықталып жатыр.


Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Писко әуежайынан көтерілген туристік ұшақ Наска қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақтағы 11 жолаушы мен екі экипаж мүшесінің барлығы қаза тапты, деп жазады baq.kz.

Перуде бортында 13 адам болған туристік ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтағы адамдардың барлығы қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, бортында 11 жолаушы мен экипаждың екі мүшесі болған ұшақ Писко әуежайынан ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 12:55-те Наска қаласының маңындағы алқапқа құлаған.

Әуе апатының себептері анықталып жатыр.

Наска Перудің оңтүстігінде орналасқан. Бұл өңір ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ежелгі Наска геоглифтерімен танымал.