Pfizer және BioNTech вакциналарын балаларға сынау басталды

0
2 199

Pfizer және BioNTech балалар қауіпсіздігі үш түрлі дозада - 10, 20 және 30 микрограмм егуді жоспарлап отыр.


Pfizer және BioNTech вакциналарын балаларға сынау басталды

ERNUR.KZ. Америкалық Pfizer компаниясы BioNTech неміс серіктесімен бірлесіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын 12 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін клиникалық сынақ өткізуді бастады, деп жазады Tengrinews.kz.

Компания 2022 жылдың басында препараттың қолданысын 12 жасқа дейін кеңейту үшін вакцинаны балаларға сынақтан өткізе бастағанын хабарлады. Айта кетейік, сынаққа 6 айлық балалар да қатысады.

"Біз серіктес BioNTech-пен бірге 6 айдан 11 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаның әсерін бағалау үшін жаһандық зерттеу жарияладық", - деді Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурл Twitter-де.


Pfizer және BioNTech балалар қауіпсіздігі үш түрлі дозада - 10, 20 және 30 микрограмм егуді жоспарлап отыр. Оған 144 бала қатысады. Вакцинаның I/II фазасын зерттеу үшін екі рет екпе салу жоспарланған. Балалар вакцинаның алғашқы дозасын 24 наурызда қабылдады, деді Pfizer өкілі Шарон Кастильо.

Қазіргі уақытта Pfizer/BioNTech вакцинасын АҚШ реттеушісі 16 жастан асқан адамдарды вакциналауға рұқсат етеді.

Мұндай клиникалық сынақтарды американдық Moderna биотехнологиялық компаниясы да өткізген. Сонымен қатар, қолданыстағы ережелер бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егу жоспарда жоқ.