Метроның екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
ERNUR.KZ. Бразилияда метродағы атыс салдарынан бір полиция қызметкері мен 22 күдікті қаза тапты, пойыздың екі жолаушысы және екі полиция қызметкері жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қызметкері Андре Фриас басына тиген оқтан көз жұмған.
Метрополитен пойызының екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды. Арнайы операцияда қаза тапқандар саны – статистика жүргізіле бастаған 2016 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.