Прокурордың орынбасары жарысам деп жас қызды жазым етті

0
1 204

Өзбекстанда прокурор орынбасары "достарымен жарысып" бір қызды қағып өлтірді


Прокурордың орынбасары жарысам деп жас қызды жазым етті

ERNUR.KZ. 16 қыркүйекте Өзбекстанның Жизақ облысы Шараф-Рашид ауданында Арнасай ауданы прокурорының орынбасары Дилшод Каримов 25 жастағы сатушы қызды қағып өлтірді. Қыз жол бойында сауда жасап тұрған, деп жазады centralasian.org.

Құқыққорғау органдары прокурор орыньасары ұшыраған жол апаты салдарынан бір кісі қаза тапқанын растады, бірақ прокуратура қызметкері жолда жарысқан дегенді жоққа шығарды.

"16 қыркүйекте Арнасай ауданы прокурорының орынбасары достарымен жолда автокөлікпен жарысқан. Сөйтіп жол бойындағы сатушы қызды қағып кеткен. Қыз оқиға орнында қаза тапты. Прокурор орынбасары қазір ауруханада жатыр", - деп хабарлады Жизақ тұрғыны.

Бірақ құқыққорғау органдары оқиғаны басқаша сипаттап отыр. "DaimlerBenz 210 маркалы автокөлік прокурор орынбасары басқарған көлікті басып озып, кілт тоқтаған. Соның салдарынан Дилшод Каримов көлікті басқара алмай, жол шетіне шығып кеткен, Г. Эгамбердиеваны қаққан, қыз жол шетінде келе жатқан", - деді милиция қызметкері.

Жизақ облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады.

Дәрігерлердің айтуынша, басынан жарақаттанған "Дилшод Каримов есін жиған, сөйлей алады".