Рада депутаты Ресеймен шұғыл келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді

0
506

Депутаттың пікірінше, барынша қолайлы шартқа қол жеткізу үшін екі іргелі негіз қажет.


Рада депутаты Ресеймен шұғыл келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Жоғарғы Раданың оппозициялық депутаты Евгений Шевченко өзінің Telegram каналында ел билігін Ресеймен келіссөзді тезірек бастауға шақырды, деп жазады sputnik.kz.

"Келіссөз неғұрлым тезірек басталса, Украина үшін бұл келіссөздің шарты соғұрлым қолайлы болады", - деп жазды ол түптің түбінде келіссөз өтетінін алға тартып.

Депутаттың пікірінше, барынша қолайлы шартқа қол жеткізу үшін екі іргелі негіз қажет.

"Бірінші негіз – дұшпан мен соғысушы тараптар мүдделері тепе-теңдігінің болуы... Ол бір жаққа тек құқықтар жиынтығын, ал екіншісіне міндеттер жиынтығын жүктейтін (басқаша айтқанда, "капитуляция") біржақты келісім болмауға тиіс", - деді Шевченко.
Депутаттың пікірінше, бір-біріне қатысты "жеке тұлғалардың субъективті қабылдауы" бейбітшілік шартын жасаудың екінші негізі болып саналады. Шевченко әңгіме сенім туралы емес, менталитеттердің "байланысы" және тараптардың белгілі бір құбылыстарды қалай қабылдайтыны және сипаттайтыны туралы екенін айтты.