Ресей азаматы "Эйфель мұнарасынан құлап", ауруханаға түсті

0
168


Ресей азаматы

Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Ресейдің Саратов облысына қарасты Балаково қаласының тұрғыны ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жігіттің айтуынша, ол Эйфель мұнарасынан құлап кеткен, деп жазады Zakon.kz.

Бұл тосын оқиға туралы 2026 жылғы 22 қаңтарда Балаково қалалық клиникалық ауруханасында мәлімдеді.

"Сейсенбі, 13 қаңтар күні Балаково қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне, биіктіктен құлаған науқас түсті. Алғашқы тексеру мен сынама алу кезінде ол дәрігерлерге Эйфель мұнарасынан құлағанын айтты. Әрине, дәрігерлер алғашында сенбеді. Алайда науқас шын айтып тұрғанын жеткізіп, суреттер көрсеткен. Суретте шынымен париждік мұнараға ұқсас, биік металл конструкция бейнеленген екен. Белгілі болғандай, бұл экстрим-селфи түсіруді ұнататындар жиі баратын орын көрінеді,- деп баяндады аурухана өкілдері.