Ресей Қазақстанда атом саласындағы кадрлар даярлауды ұсынды

0
877

Бейбіт атом саласындағы кадрларды даярлайтын оқу орны Росатоммен тығыз жұмыс істейтін Мәскеу инженерлік-физикалық институты болып табылады.


Ресей Қазақстанда атом саласындағы кадрлар даярлауды ұсынды

ERNUR.KZ. Ресей атом саласы үшін мамандар даярлау мақсатында Қазақстанда Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын ашуға дайын, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Заместитель руководителя Россотрудничества Павел Шевцов

Россотрудничество" федералдық агенттігі басшысының орынбасары Павел Шевцов

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдалануға байланысты жаңа мамандықтарда кадрлар даярлауды ұсынды. Ол бұл ұсынысын 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында айтты.

"Россотрудничество" басшысының орынбасары Ресей басшысының ұсынысын бірнеше жолмен жүзеге асыруға болатындығын атап өтті.

"Егер атом саласы туралы айтатын болсақ, онда біз Росатоммен (Ресейдің Атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы) тығыз жұмыс істейміз және жыл сайын елге оралып, жұмыс істейтін шетелдік мамандарды даярлау үшін квота береміз", – деді ол.

Шевцов қазір бүкіл әлемде бейбіт атом қолданылатын салалар кеңейіп жатқанын атап өтті. Мысалы, ядролық медицинаны дамытуда кең таралған.

Сондай-ақ, Павел Шевцов 2022-2023 жылдары шетелдік студенттер, соның ішінде Қазақстан студенттері ресейлік жоғары оқу орындарында оқуға квоталарға ғана емес, гранттар үшін де бәсекеге түсе алатынын еске салды.

Келесі жылы Ресей тест режимінде шетелдік студенттерге мың грант бөлуді жоспарлап отыр. Грант оқудың өзіндік құнын ғана емес, сонымен қатар жол жүру ақысын, сақтандыруды, университет кампусында тұруды және стипендияны да қамтиды.

Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының орынбасары Ресейде оқитын қазақстандық студенттер арасында техникалық, медициналық және IT-мамандықтар сұранысқа ие екенін атап өтті. Былтыр Қазақстанға 465 квота бөлінді, оған 3 мыңға жуық адам үміткер болды.