Ресей Қырым көпірін шілде айына дейін жөндеуді жоспарлап отыр

0
498

Тиісті бұйрықты Ресей Федерациясының үкіметі шығарды.


Ресей Қырым көпірін шілде айына дейін жөндеуді жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Ресей Қырым көпірін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жұмыстарды орындауға мемлекеттік шарттарды жасасу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленсін», - делінген қаулыда.

Жалғыз мердігер ретінде «Нижнеангарсктрансстрой» таңдалды.

Еске салайық, 8 қазан күні таңғы сағат алтылар шамасында Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, содан кейін жанармай цистерналары өртенген болатын. Зақымдану салдарынан ондағы қозғалыс тоқтатылды, бірақ кешке қарай ол жартылай қалпына келтірілді.ФСБ Қырым көпіріндегі жарылыстың артында Украинаның Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов тұр деп есептейді.