​Ресей мемлекеттік Думасында пленарлық отырыстарды фотоға түсіруге тыйым салынды

0
99

21 қаңтардан бастап Ресей парламентінің төменгі палатасында (Мемлекеттік Дума) БАҚ фотографтарына пленарлық отырыстарды түсіруге тыйым салынды.


​Ресей мемлекеттік Думасында пленарлық отырыстарды фотоға түсіруге тыйым салынды

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Бұл шешім Думаның спикері Вячеслав Володиннің депутаттарды мазақ етпеуге шақырғаннан кейін бір күн өткен соң қабылданды, деп жазады inform.kz.

Думаның баспасөз қызметі аккредиттелген БАҚ фотографтарына пленарлық отырыс залындағы балконнан түсіруге тыйым салды. Бұған дейін депутаттар мен заң жобаларын қарауға қатысушыларды сол балконнан түсіріп келген фототілшілер енді кіргізілмейді.

Ал бейнеоператорлар әлі де пленарлық залдағы арнайы балконнан жұмыс істей алады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл балкон бастапқыда тек федералдық телеарналардың операторларына арналған болатын, ал қазір сол бастапқы режим күшіне енді.
Пленарлық отырыстарды тек Думаның фототілшісі түсіреді, оның депутаттар отырған залына тікелей кіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, пленарлық отырыстардың тікелей трансляциясы жүргізіледі, оны «кез келген адам көріп, тыңдай алады».