Ресейде 12 адам әскерден жалтарғаны үшін азаматтығынан айырылды

0
325

Азаматтықтан айырғаннан кейін барлық ер адамдар Ресейден кетуге мәжбүр болды.


Ресейде 12 адам әскерден жалтарғаны үшін азаматтығынан айырылды

Фото: Агентство Москва

ERNUR.KZ. 2023 жылдың желтоқсан айынан бері Ресей билігі мен соттары әскери қызметке тіркелмегені және әскери комиссариатқа келмегені үшін кем дегенде 12 натурализацияланған ресейлік азаматты алған азаматтығынан айырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған "Важные истории" басылымы назар аударды.

"Оның үстіне, 12 жағдайдың 10-ы соңғы екі айда – Мемлекеттік Дума жазда әскери қызметке тіркелмегені үшін азаматтығынан айыруға рұқсат беретін заң жобасын қабылдағаннан кейін болды. Жаңа заңның мақсаттарының бірі "жаңа мобилизацияны болдырмай, бұрынғы мигранттарды соғысқа күштеп жіберу", – деп атап өтті басылым.

Маусым айында Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин елде Ресей азаматтығын алған, бірақ әскери тіркеуде тұрмаған 30 мыңнан астам мигрант "ұсталғанын" айтқан. Олардың 10 мыңға жуығы Ресей армиясының құрамында Украинамен соғысқа жіберілді, деді Бастрыкин.

Ресми ведомстволардың хабарлауынша, соңғы бір жылда Ресейде тұратын 2 миллион шетелдік азамат елден кеткен. 2024 жылы Ресейдің ондаған аймақтарында мигранттардың жұмысына шектеулер енгізілді.

Ресей билігі көші-қон саясатын 22 наурызда "Крокус Сити Холлда" болған қанды лаңкестік әрекеттен кейін күшейте бастады.