Ресейде әскери полигонда теракт болды

0
731

11 адам көз жұмды.


Ресейде әскери полигонда теракт болды

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Белгород облысында теракт болып, 11 адам көз жұмды. Тағы 15 адам жарақат алған, деп жазады stan.kz.

Оқиға Батыс әскери округы полигонында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, террористер ТМД елдерінің бірінің азаматтары. Қылмыскерлер оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар теракт Украинадағы соғысқа қатысу үшін келген еріктілердің дайындығы кезінде орын алғаны да хабарланды.