Зерттеулерге 1 050 ерікті қатысады деп жоспарланған.
ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді "Спутник М" вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Екпе салу ата-ананың келісімі арқылы жүргізіледі, деп жазады Zakon.kz.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар тізіліміне алынған, балаларға арналған коронавирусқа қарсы КовиВак вакцинасы клиникалық сынағының үшінші кезеңіне рұқсат берді.
Зерттеулерге 1 050 ерікті қатысады деп жоспарланған.
Іс-шаралар Пермь, Самара, Мәскеу облысы және Санкт-Петербургтегі төрт медициналық мекеменің базаларында өтеді.
Бүгінгі таңда Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді Гамалеи атындағы орталық әзірлеген "Спутник М" вакцинасын коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Препарат - "Спутник V"-нің жеңілдетілген нұсқасы. Вакциналау баланың ата-анасының жазбаша келісімі және өтініші бойынша жүргізіледі.