Ростов облысы сәрсенбіге қараған түні, 28 тамызда дрондардың шабуылына ұшырады, нәтижесінде мұнай базасында бірнеше цистерна жанып жатыр.
ERNUR.KZ. Губернатор Василий Голубев өзінің Telegram арнасында аймақтың аспанында төрт дрон атып түсірілгенін жазды, деп жазады inbusiness.kz.
Голубевтің алдын-ала мәліметтері бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, ресейлік "Абайлаңыз, жаңалықтар" және "Ростов новости" Telegram арналары Каменск-Шахтинск қаласының маңындағы мұнай базасында бірнеше жанармай цистерналары жанып жатқанын хабарлайды. Жергілікті тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт шыққанға дейін "ұшқышсыз ұшу аппараттарының ерекше дыбысы мен жарылысын" естіген. Telegram арналары сонымен қатар жанып жатқан мұнай базасының бейнежазбасын жариялады.