Оқушылар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.
ERNUR.KZ. Ресейдің құрамындағы Удмуртия Республикасында белгісіз біреу мектепке баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды, деп жазады sputnik.kz.
Ижевск қаласының №88 мектебінде белгісіз біреу күзетшіні өлтірді, оқушылар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар, деп хабарлады республика басшысы Александр Бречалов.
Алдынала мәлімет бойынша күдікті өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, мектеп қоршауға алынған.