Ресейде мұғалім орысша білмейтін балалар оқитын сыныптан бас тартқан

0
2 979


Ресейде мұғалім орысша білмейтін балалар оқитын сыныптан бас тартқан

ERNUR.KZ. Ресейдің Волгоград қаласында мұғалім орыс тілін білмейтін мигранттар оқитын сыныптан бас тартқан, деп жазады Stan.kz.

Орыс тілін білмейтін балаларды ата-аналардың наразылығына қарамастан бір сыныпқа жинау туралы шешім қабылданыпты. Мұнда ТМД елдерінен келген азаматтардың балалары білім алыпты. Мұғалімдер осылайша балалар қажетті базаны игеріп, басқа сыныптарға тез сіңісіп кетеді деп есептеген. Сонымен қатар оқу үлгеріміне қарай балаларды өзге де сыныптарға қосу мәселесі қаралған.

Бірақ 1 жыл өткен соң сынып жетекші сыныптан кетіп қалған. Оның мұндай шешім қабылдауына не түрткі болғаны белгісіз. Ал мектеп директоры пікір білдіруден бас тартқан.

Орыс тілін білмейтін балаларды бір сыныпқа жинау туралы шешім 2022 жылы қабылданған. Мектепте мұндай 14 бала болыпты.