Ресейде мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

0
438

Желіде оқиғаның видеосы тарады.


Ресейде мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Украина шекарасына жақын Новошахтинск қаласындағы ресейлік мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан зауытқа белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақ қалай соғылғанын көруге болады.

"Сағат 9: 25-те Красносулин ауданында орналасқан Новошахтинск мұнай өнімдері зауытының АВТ-1 (жылу алмастырғыш) қондырғысында, ФАД А-270, 882-шақырымда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген облыс бойынша ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауытындағы өрт аумағы 50 шаршы метр болғаны, өрттің таралу қаупі жоқ екені айтылған.

"Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты" - Ростов облысында жұмыс істеп тұрған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Зауыт мазут, пеш, кемеге отын және дизель отынын, бензин өндіруге мамандандырылған.