Ресейде төрткүндік жұмыс аптасы басталды

0
619


Ресейде төрткүндік жұмыс аптасы басталды

ERNUR.KZ. Ресейде қысқартылған жұмыс аптасы басталды. Бұл 4 қарашада Халықтың бірлік күнін атап өтумен байланысты болып отыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Биыл мереке сәрсенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс болады. Ал сейсенбіде жұмыс күні бір сағатқа қысқарады, себебі ол мейрамалды күн болады.

Қанша ұсыныс болғанына қарамастан, 2020 жылғы 31 желтоқсан жұмыс күні болып қалды. Тек премьер-министр Михаил Мишустиннің қаулысына сәйкес, 2021 жылғы 31 желтоқсанда ресейліктер демалады.

Қаулы бойынша 2021 жылғы - жаңа жылдағы демалыс , 1 қаңтардан 10 қаңтарға дейін созылады. Ресейліктердің алдында алты мереке кезеңдері күтіп тұр: 4-7 қараша демалыс, сондай-ақ ақпанда (21-23), наурызда (6-8), мамырда (1-3, 8-10) және желтоқсанда (12-14) үш күннен демалыс.