Полиция бала тым кішкентай деп қылмыстық іс қозғамаған.
ERNUR.KZ. Алапаевск қаласында зейнеткерді тірідей өртеп жіберген бала 14-ке толмағандықтан жазаланбайтын болды деп жазады stan.kz.
Полиция бала тым кішкентай деп қылмыстық іс қозғамаған. Қылмысқа ортақ болған деп күдікке ілінген екінші бала 16 жаста болғандықтан әлі тергеліп жатыр. 19 қазанда ол үйқамақта жіберілді.
16 қазанда Алапаевскте оқушылар көшеде кетіп бара жатқанда бір зейнеткерді көріп қалады. Олар оны қуып жетіп, үстіне тез жанатын сұйықтық құйып, өртеп жіберген. Әйел отқа оранғанын көрген балалар көрші тұрғын үйдегі пәтерлердің есігін қағып, жұртты көмекке шақырған. Тұрғындардың бірі бір шелек су ала жүгіріп барса, зейнеткер өліп кеткен.
Күдіктілер кінәлі екенін мойындады.