Ресейлік әншілер Қайрат Нұртастың әнін ұрлаған - блогер

0
1 048

Қайрат Нұртас әзірше бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.​


Ресейлік әншілер Қайрат Нұртастың әнін ұрлаған - блогер

ERNUR.KZ. Ресейлік блогер Сергей Пичугин TikTok желісіндегі парақшасында NILETTO мен Zivert есімді әншілер Қайрас Нұртастың әнін ұрлады деп күдіктенетінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Блогердің пікірінше, ресейлік әншілердің Fly 2 атты жаңа трегі Қайрат Нұртастың "Алматының түндері-ай" әнінің музыкасына қатты ұқсайды екен. Бұл әнді қазақстандық әнші Нюшамен бірге орындаған болатын.

Бірақ Қайрат Нұртас әзірше бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.