Ресейлік ғалым әлемде жер сілкінісінің саны артады деп болжады

0
520

Алдағы бес жылда әлемде сейсмикалық белсенділік жоғары болады. Жер сілкінісінің саны артады.


Ресейлік ғалым әлемде жер сілкінісінің саны артады деп болжады

ERNUR.KZ. Бұл болжамды Ресей ғылым академиясының бірыңғай геофизикалық қызметінің директоры Юрий Виноградов айтты, деп жазады zakon.kz.

Маманның айтуынша, магнитудасы шамамен 9 балл болатын күшті жер сілкінісі орта есеппен 5-7 жылда бір рет, ал 8 баллдық жер сілкінісі жылына 2-3 рет болады, деп жазды "РИА Новости" басылымы.

"Соңғы төрт жылда бізде сейсмикалық белсенділік төмендегенін айтқым келеді. Жер бетінде сейсмикалық энергияның бөлінуі біршама азайды. Ал орташа көрсеткішке ұмтылғандықтан, алдағы бес жылда сейсмикалық белсенділік орташадан сәл жоғары болады, сәйкесінше, жер сілкінісінің саны аздап өседі", – деді Виноградов.

Ғалым ең күшті жер сілкінісінің қай жерде болатынын нақты айтқан жоқ, дегенмен ол әлемде сейсмикалық аймақтар белгілі екенін атап өтті. Ол аймақтар әрдайым жер сілкінісіне дайын болуы керек.