Роналдудың мүсіні үндістандықтардың наразылығын тудырды

0
905

Үндістанның Гоа штатына әлемдік футболдың марғасқасы Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды.


Роналдудың мүсіні үндістандықтардың наразылығын тудырды

ERNUR.KZ. Алайда бұл жаңалық жергілікті тұрғындарды қуанта қоймады, деп жазады Zakon.kz.

EUROSPORT-тың хабарлауынша, Роналдудың мүсініне халықтың қарсы болуының басты себебі – 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болғандығы.

Калангут қаласында орнатылған Роналдудың алтын жалатылған тас мүсінінің салмағы – 410 келі. Бағасы – 16 мың АҚШ доллар.

Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық.Гоаның Білім және технология министрі Майкл Лобо

Айта кетейік, Үндістан тек 150 жыл Ұлыбританияның отары болса, Гоа территориясы 450 жыл бойы Португалияға бағынышты болған. Сондықтан да жергілікті халық португалдықтарды ұнатпайды. Көпшілік мүсіннің тұрғызылуына наразылық білдіру үшін қолдарына қара жалау ұстап келіпті. Олар Роналдудың орнына үнді футболшыларын құрметтеу керек деген пікірде.