Роналдудың сүйіктісі Қазақстан мен Өзбекстанды шатастырып алды

0
2 000

​Желі қолданушылары Джорджина Родригес қателесіп, алдымен, Қазақстан деп жазғанын аңғарып қалды. Кейін Өзбекстан деп өзгерткен.


Роналдудың сүйіктісі Қазақстан мен Өзбекстанды шатастырып алды

ERNUR.KZ. Модель Джорджина Родригес шапанмен түскен суретін желіге жүктеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Өзбекстаннан әкелінген, қолдан жасалған", - деп жазды ол Instagram-да.


"Ол, ең алдымен, "Қазақстан" деп жазған. Кейін "Өзбекстанға" өзгертті", - делінген суретке жазылған пікірде.




Джорджина Родригес – италиялық "Ювентус" клубы мен Португалия құрамасының футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі. Олар 2016 жылдан бері кездесе бастады. 2017 жылы Алана-Мартина есімді қызы дүниеге келді. Роналдудың 10 жасар ұлы мен суррогаттық жолмен туған Ева және Матео есімді егіздері бар.

2018 жылы Криштиану Роналдуға Женевада қазақ шапаны сыйға тартылған болатын. Сыйлықты "Теңізшевройл" мұнай өндіру компаниясы ұсынды. Эксклюзивті шапан өте жылдам жасалды, деді ақтаулық сән үйі.