Румынияда газ станциясы жарылып, 1 адам қаза тапты

0
865

57 адам жарақат алды.


Румынияда газ станциясы жарылып, 1 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 26 тамызда Румынияның Креведия қаласында газ станциясы жарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Зардап шеккендердің басым бөлігі өрт сөндірушілер.

Жарылыс отын толтырған цистернаны қосқан кезде болған, соңы өртке ұласқан.

Екі цистерна отқа оранып, жалын маңында тұрған бір үйге жайылған.

Румынияда Еуропаның азаматтық қорғаныс механизмі іске қосылған. Осы механизм аясында ауыр жарақаттанған екі өрт сөндіруші әскери ұшақпен Брюссельге жеткізілген. Тағы екі азамат Италияға әкетілген. Румынияға Австрия, Норвегия, Германия және Болгария да көмек ұсынған.

Құтқару операциясы аймағынан үш мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Бухарест - Плоешти(Креведия ауданы) трассасы бойындағы қозғалыс екі бағыт бойынша да тоқтаған.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Румыния бас прокуратурасы апатты зерттеп жатыр.