Румынияда миналар залалсыздандырылып жатыр

0
708

Румыния Қара теңіз жағалауын минадан тазартуға кеме мен тікұшақ жөнелтті.


Румынияда миналар залалсыздандырылып жатыр

ERNUR.KZ. Мұндай шешімнің қабылдануына жуырда ғана болған Костинешть курортындағы жарылыс себепші, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Айта кетсек, былтырдан бері Украина мен Ресей әскері теңізге де мина тастай бастаған.

Сол снарядтар енді Румыния, Болгария мен Түркия жағалауларына жетті.

Жарылғыш заттар әсіресе мұнай мен мұнай өнімдерін және астық тасымалдайтын кемелерге қауіп төндіріп тұр.