Магнитудасы mb=5,1. Энергетикалық класы K=11,6. Тереңдігі h=18 км.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.
26 тамыз күні Астана уақытымен 15:31-де Қырғызстанда жер сілкінісі болды.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел дерегі бойынша жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 39,83 градус, шығыс бойлық 71,98 градус.
Магнитудасы mb=5,1. Энергетикалық класы K=11,6. Тереңдігі h=18 км.