Сексен пайызы жұқтырған: Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

0
620

​Вирустың жаңа түрі 20A.EU1 деп аталады. Ғалымдар бұл коронавирус инфекциясының жаңа мутациясы екенін мәлімдеді.


Сексен пайызы жұқтырған: Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

ERNUR.KZ. Еуропада жаңадан тіркелген науқастардың 80%-і мутацияға ұшыраған коронавирусты жұқтырған. Бұл вирус осы көктемде және жазда бүкіл әлемді жайлаған індеттен өзгеше, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристерден таралды, делінген ведомствоаралық комиссияның телеграм-каналында.

Испаниялық генетик Иньаки Комастың пайымынша, мутацияға ұшыраған вирус індетке шалдыққандар қатысқан бұқаралық шарадан тарала бастады.

Ғалым вирустың одан әрі тез таралуына Испанияда демалған туристердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болып отыр деп санайды.

Жаңа мутацияның қаншалықты жұқпалы және қауіпті екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін, АҚШ-та бұдан да агрессивті, D614G деп аталған SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталған еді.