Сессияның ашылуы кезінде жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты

0
1 257

Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір топ мойнына алмады


Сессияның ашылуы кезінде жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты

фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Сомали астанасы Могадишода жарылыс болып, 6 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Белгілі болғандай, лаңкестер президенттік сарай тұсында автокөлік жарып, артынан оқ жаудырған.

Жарылыстың жойқын күшінен Ходон ауданының әкімшілігі тұсындағы ғимараттар қирады. Зардап шеккендер дереу арада ауруханаға жеткізілді.

Әзірге нақты қанша адамның жарақат алғаны белгісіз.

Лаңкестік әрекет ел Президенті Мохамед Абдуллахи парламенттің төртінші сессиясын ашуы кезінде жасалған. Жарылысты әлі ешбір топ мойнына алған жоқ.