Үш жасар қызды иығы ашық көйлегі үшін балабақшаға кіргізбей қойған

0
1 750

ERNUR.KZ. Үш жастағы бүлдіршіннің көйлегін «тым ашық» деп таныған тәрбиешісі оны балабақшаға кіргізбей қойған.


Үш жасар қызды иығы ашық көйлегі үшін балабақшаға кіргізбей қойған

ERNUR.KZ. Үш жастағы бүлдіршіннің көйлегін «тым ашық» деп таныған тәрбиешісі оны балабақшаға кіргізбей қойған, деп жазады lenta.ru.

Оқиға Канада елінде болған. Үш жасар қыздың әкесі балабақшаның бұл тәртібіне таңқалып, 30 градус ыстықта жаздық көйлекпен тәрбиеленушілер үйіне кіре алмағанына қынжылды.

«Бұл кәдімгі жіңішке байламасы бар жаздық көйлек. Балабақша тәртібі бойынша, көйлектің иық байламасының жалпақтығы 5 см-ден кем болмауы керек екен», - деді ол.

Балабақшаның директоры журналистерге мекеменің ішкі тәртіп бойынша дресс-кодты қатаң сақтайтындығын айтқан.

Қыздың ата-анасы үш жастағы бүлдіршіндердің киімін ереже бойынша қадағалау дұрыс емес дегенімен, балабақша тәртібіне бағынатындықтарын айтты.