Шанхай ауруханасында белгісіз біреу төрт адамға пышақ салды

0
856

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Шанхайдың Хуанпу ауданындағы ауруханада болған.


Шанхай ауруханасында белгісіз біреу төрт адамға пышақ салды

ERNUR.KZ. Сенбі күні түстен кейін Қытайдағы Шанхай қаласының ауруханасында белгісіз біреу адамдарға пышақ ала жүгірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Шанхайдың Хуанпу ауданындағы ауруханада болған. Пышақпен жасалған шабуыл салдарынан төрт адам зардап шекті.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері шабуылдаушыға оқ жаудырып ұстады. Ер адамның есімі хабарланған жоқ.

Қазіргі кезде зардап шеккен төрт адам дәрігерлер бақылауында, олардың алған жарақаты өміріне қауіп төндірмейді.

Ер адамның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.