Ауруханада жүкті әйелдердің медициналық карталары ауысып кеткен, ал дәрігерлер пациенттің аты-жөнін нақтылап сұрамаған.
ERNUR.KZ. Сеул дәрігерлері ауруханаға тексерілуге келген әйелге аборт жасап тастады, деп жазады sputniknews.kz.
Басылымның хабарлауынша, клиникада жүкті әйелдердің медициналық карталары ауысып кеткен. Дәрігер мен медбике әйелдің аты-жөнін нақтыламай, оған наркоз салады.
Ал жүктіліктің алтыншы аптасында болған келіншек бар болғаны жоспарлы тексеруге келген болып шықты. Әйел есін жиғанда дәрігерлердің баласын алып тастағанын білген.
Дәрігер мен медбике өз кінәсін мойындады. Оларға жұмысқа салғырт қарады деген айып тағылып отыр.