​Шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

0
1 057

Жергілікті ақпарат құралдары апаттан ешкім аман қалмағанын хабарлап үлгерді.


​Шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Ауғанстан әскерінің тікұшағы республиканың батысында сәрсенбі күні апатқа ұшырады. Апат Фарах провинциясындағы Анар-Дара қаласына жақын маңда тіркелген.

Ауған әскерінің Фарах провинциясындағы ресми өкілі Нурулхак Холики тікұшақта шамамен 20 адам болғанын хабарлады. Олардың арасында Фарах провинциясы кеңесінің басшысы Фарид Бахтавар, провинция кеңесінің мүшесі Жамила Амини және 207-әскер корпусының қолбасшысы Негматуллах Халил болған.

Холикидің айтуынша, тікұшақ Гератқа ұшып бара жатқан, ауа райының қолайсыздығына байланысты ол тауға соғылған.

Жолаушылардың тағдыры туралы мәлімет әлі түспеді, деді ауған әскерінің өкілі. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары апаттан ешкім аман қалмағанын хабарлап үлгерді. Апат себептері анықталып жатыр. Анордара ауданына құтқарушылар тобы жеткізілді.

Бұл уақытта, Ariana News порталы апат жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мойнына алғанын хабарлаған. Тәліптер әскери тікұшақты "содырлар атып түсірді" деген.


Дереккөз: centralasian.org/a