Жасөспірімдер найзағай түскен кезде алаңда футбол ойнап жүріпті.
ERNUR.KZ. Швейцарияда найзағай ұрған 14 жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы Санкт-Галлен кантонының полициясы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Жасөспірімдер найзағай түскен кезде алаңда футбол ойнап жүріпті.
"Белгілі ақпаратқа сәйкес, найзағай шам бағанасына тиген. Заряд жерге өтіп, алаңға тараған", - дейді полиция.
Салдарынан екі командадан 15-16 жас аралығындағы 14 жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі ауруханаға тікұшақпен жеткізілген.
Прокуратура мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.