Вестерноррландтың солтүстік аудандарына жауған нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.
Сурет: svt.se
ERNUR.KZ. 7 қыркүйек күні Швецияда оқ-дәрі мен литий батареяларын алып келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті, деп жазады zakon.kz.
SVT телекомпаниясының мәліметінше, оқиға Эрншельдсвик қаласының маңында болған. Вестерноррландтың солтүстік аудандарына жауған нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.
"Швеция көлік басқармасының дерегінше, теміржолды қалпына келтіру бірнеше аптаға созылады", – делінген жарияланымда.
Басылымға Швеция көлік басқармасының баспасөз хатшысы Петер Йонссон мәлімдегендей, пойыз оқ-дәрілер мен литий батареяларын тасымалдап бара жатқан.