​Шыңжаңда 5,0 балдық жер сілкінісі болды

0
104

Жер сілкінісі сәрсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 07:42-де тіркелген.


​Шыңжаңда 5,0 балдық жер сілкінісі болды

Фото: azerbaycan24.com

ERNUR.KZ. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (Қытайдың солтүстік-батысы) Ақсу уезіндегі Куча қаласында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.

Қытай сейсмологиялық желілері орталығының хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі сәрсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 07:42-де тіркелген.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына іздеу-құтқару топтары шықты.
Шыңжаңның осы аймағындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісі эпицентрінің бағыты 41,23 солтүстік ендікте, 83,74 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Бұған дейін күшті жер сілкінісі қаупіне байланысты тұрғындар мен туристер Санториниді тастап кеткенін жазғанбыз.